Қазақстан Армениямен көп жоспарлы қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Армениямен көп жоспарлы қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді

Қазақстан Армениямен көп жоспарлы қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді

Қазақстан Армениямен көп жоспарлы қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді.

  • 22 Қазан 2013
  • 444
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Армения Республикасымен көп жоспарлы қарым-қатынастарды нығайтуға, одан әрі дамытуға Қазақстан ерекше маңыз береді. Екі ел арасында барлық деңгейде сындарлы және өзара сенімде құрылған диалог орныққан»,-деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның Армениямен екіжақты сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге мүдделі екендігін, ал елшілік осы бағытта жұмыс істейтіндігіне сенім артатындығын баса айтты.

«Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграция үрдістеріне Ереванның қызығушылығын біз білеміз»,-деді Н. Назарбаев.