Зардап шеккен қыздың қолын күйік шалып, медициналық көмекке жүгінуге тура келді. Жас қыз болған жағдайға қарамастан, өз кезеңін жүгіріп өткен. Күйік шалған жараның аса қауіпті емес екендігі және оның тез жазылып кететіндігі айтылуда.
Осыған ұқсас жағдай 2000 жылы Олимпиада ойындары Австралияның Сидней қаласында өткенде орын алған еді. Онда да 13 жасар қыздың қолына (Канберра тұрғыны) алауды беру кезінде газ білтесі істемейтіндіктен жарылған. Абырой болғанда, бұл жағдайдың арты жақсы аяқталды, мектеп оқушысы эстафетадағы өз кезеңін жалғастыра алды.
Айта кетейік, бұл «Сочи-2014» олимпиада алауына байланысты мәселе туындап отырған бірінші жағдай емес. Осыған дейін хабарланғандай, олимпиада эстафетасына қатысушылардың кейбіреуінің қолындағы алауы сөніп қалған, деп жазады Vesti.kz.