Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.

  • 23 Қазан 2013
  • 783
Фото - Caravan.kz

Оған және Медеу ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және сауда бөлімінің бастығына қатысты үкім Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 8 қазан күні жарияланды. Олар сауда павильондарын орнатуға рұқсат беру үшін 26 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлерден пара алғаны үшін айыпталған.

«Сот үкімімен әкімнің орынбасарына мүлкін тәркілеумен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, басқарма басшысына мүлкін тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп айтылған хабарламада.