Жүйкесі сыр берген петропавлдық азамат көршілеріне тыным бермей жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүйкесі сыр берген петропавлдық азамат көршілеріне тыным бермей жүр

Жүйкесі сыр берген петропавлдық азамат көршілеріне тыным бермей жүр

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындарына 3 жылдан бері жүйкесі сыр берген көршілері тыным бермей келеді. Науқас жігіт терезеден дүние-мүлкін лақтырып, түні бойы ұйқы бермейді екен. Іргесіндегі елдің құтын қашырған азаматты туыстары психоневрологиялық интернатқа беруге қимай отыр. Ал ауру адамнан мезі болған көршілері құзырлы органдарға шағымданудан шаршаған.

  • 23 Қазан 2013
  • 291
Фото - Caravan.kz

52 жастағы Марат Айқымбаев түні бойы осылай дауыс көтеріп, көршілеріне тыным бермейді. Ал күндіз тыр жалаңаш подьезге шығып, өткен-кеткеннің үрейін ұшырады екен. Өзімен бірге тұратын туыстарына да талай рет пышақ сілтепті. Аулада шашылып жатқан мына кітаптарды да ол төбеден лақтырған.    

Гауһар Мұқашева, көршісі: 

— Біздің көретін күніміз осы. Мінекей, осы бәрін лақтырады. Қазір балалар оқудан келсе мен білмеймін, балаларға не болатынын. Төбесіне түседі. Жаңа ғана кісіге түсе жаздады.

Өмір бойы сауда саласында істеген Мараттың әйелі мен екі баласы бар. Бұған дейін солармен бірге Тараз қаласында тұрған. Ауруы асқынған соң жұбайы оны Петропавлдағы туыстарына әкеп тастапты. Мұндағы дәрігерлер  айлап жылдап емдегенімен, уақыт өте келе оған дәрі де дарымайтын болған. 

Күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырылған көршілер жедел жәрдем шақырудан шаршаған. Ондағылар Маратқа ұйықтататын дәрі егіп, кетіп қалатын көрінеді. Тек біздің көзімізше келген жедел жәрдем ғана сырқатты ауруханаға алып кетті.   


Наталья Галушко, жедел жәрдем дәрігер
:

— Жағдайы жақсарғанша диспансерде емделетін болады. Содан кейін тағы да үйіне жібереміз. Егер көршілеріне маза бермесе туыстары арнайы интернатқа өткізуі тиіс.

Ал Мараттың туыстары оны психоневрологиялық интернатқа түпкілікті жатқызуға қимаймыз дейді. Сондықтан ауру адаммен алысып шаршаса да, тағы бір рет сынап көрмек ойда.   

Қарлығаш Айқымбаева, туысы:

— Аяймын, аяймын, обал қазаққа келгенде. Сондықтан бергім келмейді. Может тағы бір шанс берейін.

Туыстары екі ойлы болып жүргенде көрші-қолаң қазір құзырлы органдарға қайтара шағым түсірді. Олар Маратқа тағы мүмкіндік береміз деп мазалары қашқанын қаламай отыр. Ертең барлығы қол жинап, қалалық прокуратураға хат апарып табыстамақ.