Адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі шенеунік көлік жүргізу құқығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі шенеунік көлік жүргізу құқығынан айырылды

Адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі шенеунік көлік жүргізу құқығынан айырылды

Адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі қарағандылық шенеунік Ерлан Өтешов жүргізуші куәлігінен ақыры айырылды. Зардап шегуші тарапппен татуласып, жазадан оңай құтылған оның ісін тіпті әкімшілік сотта қарамай тастаған болатын. Мұны фемида өкілдері қылмыстық істің тоқтауымен түсіндіріп, жылы жапқан. Құзырлы органдар тек тоғыз айдан кейін көлікті у дай мас күйде басқарған бастықты әкімшілік жазаға тартуды шешіп отыр. 

  • 23 Қазан 2013
  • 223
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге салсақ, ақпанның 16-сы күні түнде Өтешевтің көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, үш машинаны қаққан болатын. Бұл жол апатынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапқан. Көлікті мас күйде айдаған Энергетика басқармасының экс-бастығы кейін қамауға алынып, тергеу кезіндегі 5 айын абақтыда өткізеді. Дегенмен, зардап шегуші жақ кешірім жасағандықтан іс сотқа жетпей жабылып, Өтешов бостандыққа шыққан болатын. Көптің назарын аудартқан істі қайта қараған сот өкілдері бар кінәратты жол полициясынан тауып отыр. Өйткені олар әкімшілік істің сотқа жетуіне кедергі келтірген. Экс-шенеунікті 4 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған сот, жергілікті жол полициясының да былығын әшкерелеп берді.