Бүтін бір отбасын қырып салған өзбек азаматы мен сыбайласына қатысты сот ісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүтін бір отбасын қырып салған өзбек азаматы мен сыбайласына қатысты сот ісі басталды

Бүтін бір отбасын қырып салған өзбек азаматы мен сыбайласына қатысты сот ісі басталды

Бүгін Алматыда бүтін бір отбасыны қырып салған Өзбекстан азаматы мен оның екі сыбайласына қатысты сот ісі басталды. Қанды қылмыс маусым айында орын алған. Үш қаскөй өздері жөндеу жүргізген үйдің отбасын түгел қырып, 4 млн теңгені қолды қылған болатын. Бірақ бүгінгі отырыста айыпталушылардың бірі кінәсін мойындаған жоқ.

  • 23 Қазан 2013
  • 585
Фото - Caravan.kz

Беттерін бүркеп кірген үшеудің мойнына 5 бірдей адамның қаны жүктелген. Жүздерін жәбірленушілерге бұруға жасқанған олар қаздиған мойындарын еденнен екі елі көтермеген күйі отырды. Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс маусым айында болған. Өзбекстан азаматы екі сыбайласымен ескі танысы Ержан Сатыбалдының үйіне кешқұрым келіп пәтерін жөндеп беруді ұсынады. Артынша отағасын құрал-жабдық сатып әкелуге жұмсап, кеткен бойда қара шаңырақта қалған 19 жасар жеткіншекті буындырып өлтірген. Ал 3 және 7 жастағы 2 бөбекті суға тұншықтырып, құрсағында шаранасы бар 37 жастағы анасын үтіктің тоғымен о дүниеге аттандырған. Бірі айыбын мойындады, бірі бастарын ала қашты бүгін.

Икбол Тұрдиев, айыпталушы:

Процесске біз өзіміз қарсы болғанбыз, кінәмді мойындаймын, өкінемін, кешірім сұраймын бәрінен. Бірақ толықтай сәл кешірек. Сот бар ғой әлі де бүгін бітпейді ғой.

Мен жай таксовать еткем, болған жоқпын, қылмысқа қатысқан жоқпын.

– Ішке кірген жоқсыз?

– Жоқ кірген жоқпын.

Ұрлық, қарақшылық және адам өлтіру бабымен айыпталған үшеу қанға бөктірген үйден жалпы құны 4 жарым миллион теңгені үптеп кеткен. Бірақ тәулік өтпей қолға түсті. Бүгін сол айыпталушылардың ата-аналары да келді. Өз уәждерін мейлінше иланайтындай қып жеткізуге тырысқан. Алайда қайғыдан қан жұтқан әулетпен қақтығысып тынды.


Таңшолпан Әбікенова, айыпталушы Б.Мұқажановтың анасы:

Менің балам кінәсіз болса неге айтпасқа?

– Балаңның кінәсі бар, қолы шығып тұр аузыңды жап түсіндің бе!

Ержан Сатыбалды, жәбірленуші:

—  Біреудің шаңырағын шайқап, тұяғын кесіп кетті, тай тұяғымды көз құлағымды құртып кетті. Қай бетіңмен келіп отырсың? Анамын дейсің! Ол да ана болған, ол да бала болған.

“Қызым үйде, қылығы түзденің” кері келді. Айыпталған өзбек пен қос қазақтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бірнеше томға жүк болған. Барлығы бұлтартпайтын айғақтар дейді заңгерлер. Ал Икбол Тұрдиев бастаған үш айыпталушының да бас-басына адвокаттары бар. Айтпақшы, қанды қылмысты арқалаған үшеу жалаң қол болмаған, құрықталған кезде олардан бір тапаша мен 2 пышақ табылыпты.