ЭКСПО кешенін Американың әйгілі компаниясы тұрғызатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО кешенін Американың әйгілі компаниясы тұрғызатын болды

ЭКСПО кешенін Американың әйгілі компаниясы тұрғызатын болды

Бюджеттің миллиардтары бөлініп жатқан «Экспо» қалашығын америкалықтар салатын болды. Ақш-тың бір топ әлемге әйгілі сәулетшілері  ұсынған жоба бүгін жүзден жүйрік шықты. Шетелдік мамандардың қиялының ұшқыр болғаны соншалық, кешеннің атауын «Елбасы» деп атамақшы. Жеті жүз мың шаршы метр аумақты қамтитын алып қалашық 3 жылдың ішінде тұрғызылып болуы тиіс. Алайда жеңіске жеткен америкалық компания қызметіне қанша ақша сұрағанын ашып айтқан жоқ.

  • 23 Қазан 2013
  • 278
Фото - Caravan.kz

105 компания бақ сынаған байқауда жолы болған жоба осы.  Биосфера іспеттес бірнеше қабатты кешен 25 гектар жер аумағын алып жатыр. Көрме қалашығының қақ ортасында орналасқан жоба ең алдымен архитектуралық көркемдігімен ерекшеленеді және нысанды ЭКСПО-дан кейін де толық пайдалануға болады екен.

Талғат Ермегияев, "Астана ЭКСПО-2017"  ұлттық компаниясының төрағасы:

— Біраз ғимараттар Назарбаев университетіне кетеді, біразы бізге керекті лабораторияларға, ғылыми орталықтарға бізге жетіспей жатқан кешендерге береміз. Біраз нысандарды сатып жіберуіміз мүмкін.

Көрме кешенінен бөлек бұл аумақта саябақ, тұрғын үй кешені, бизнес орталықтары мен 10 мың  көлікке арналаған автотұрақ салынады. Ал, бар  ғимаратТың экономикалық және экологиялық тиімділігіне ерекше назар аударылыпты. Мәслен, балама энергияға негізделген жүйе арқылы тіпті арқаның аязды айларЫнда да күн энергиясын өндіруге жағдай жасалады екен. 


Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі:

—  Экспо қалашығында салынатын тұрғын үй кешендері өзін-өзі жарық, жылумен қамтамасыз ететін болады. Бүкіл жүйе балама энергияға  негізделген. Шымкент қаласымен салыстырғанда күн сәулесінің деңгейі әлсіз болуы мүмкін, дегенмен Астана да күннің көзін тиімді пайдалануға болады. Ал жел энергиясын өндіруде еш кедергі жоқ.

Жеңімпаз компания  Қытайдағы жасыл қалашықты, Дубайда «Бурдж Халифа» мен әлемдегі ең биік нысандардың бірі — Араб Әмірліктеріндегі «Кингдом Тауэр» ғимараттарын салып танылған.Америкалықтардың қазақ жерінде тұрғызатын кешен де  әлем тарихына енбек. Ал, жобаның құны әзірге белгісіз. Жалпы, Экспоға 1 жарым миллиард доллар бөлінгенін ескерсек, шетелдік компанияның біздің елімізде қанжығасы майланатыны анық.