Семейде жылуға жарымаған жұрт наразылықтарын жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жылуға жарымаған жұрт наразылықтарын жалғастыруда

Семейде жылуға жарымаған жұрт наразылықтарын жалғастыруда

Семейліктер жылуға жауапты басшылардың жұмыстан кетуін талап етуде. Бүгін олар тағы да ереуілге шықты. Себебі коммуналдық қызметке қарызы барлардың кесірінен ақыны уақтылы төлеп жатқандар зардап шегуде. Ал жергілікті билік бұлардың барлығын бірдей жылудан қағып, жұртты әуре-сарсаңға салып қойған. 

  • 23 Қазан 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz

Төсекке таңылған Сәуле Қажытаева біраздан бері сөйлеу қабілетінен   айырылған. Орнынан тұра алмайтын 53 жастағы әйел үшін суық пәтерде жан бағу қиын. Далада күн суытқанымен, жылу әлі берілмеген. Амалсыздан оны қалың көрпеге орап, қымтап қойыпты.

Қайныш Тайтеева, Семей қаласының тұрғыны:

— Көріп тұрсыздар, өздігінен қозғала алмайды. Қолына қолғап кигізе бастадық. Біздің подъзде қарыз жоқ. Неге жылу берілмейді?

20-ға жуық көп қабатты үйдің қазіргі жағдайы осы. Коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардың борышы бар екенін айтып, жылу беруден бас тартқан. Ал қарызы жоқтары текке тоңып отыр. Бүгіншыдамы таусылған жұрт борышкерлермен есептесуге ерініп жүрген шолақ бастықтардың орнынан кетуін талап етті.

Рауия Рашиева, Семей қаласының тұрғыны:

— Кім қарыз соны өздерің айтып төлеткізіңдер дейді! Неге мазақ қылады бізді?! Олар теплода отыр, деньги зря получают! Билік не үшін отыр? Жұмыс істемейтін болса, орнын босатып, бізге берсін, одан да артық жұмыс істейміз!

Кешеден бері жылу төңірегіндегі тыйылмай келе жатқан дауға прокуратура да араласты. Олар қарызды сот арқылы өндіре алмағандардың әрекетін заңсыз деп тауыпты.


Тәжиден Найманов, Семей қаласының прокуроры:

— Тұрғынүйдің 30 пайызы қарыз болса да, жылу бермеу заңсыздық. Сондықтан біз жауапты тарапқа ескерту жолдадық. Жақын арада мәселе шешілуі тиіс.

Прокурорлардан кейін ашынған бұқараның арасында жылуға жауапты адамдар да көрінді. Жарытып түсінік бере алмаған олар тағы да қарызды көлденең тартып отыр.

Жұман Мусин, «Жылукоммунэнерго»  МКК жылу инспекциясының басшысы:

—  Бұл уақтағы 38 үйдің 17-сі қосылмады. Ондағы қарыз көлемі 12 млн. теңгеден асып түскен. Барлық пәтерлер бір құбырдың бойында тұрған соң орын алып отыр.

Бұқара жаппай бас көтергеннен кейін коммуналдық қызмет ақыры жуық арада жылу береміз деп құтылды. Алайда нақты қай күні екенін тағы айта алмады.