— Шыншыл, рухты және адал перзенті емес ұлтының! Шындық кейде қалың арпа ішіндегі бір бидай. Неге әділдік күресінде жұрттың бәрі Тымпибай? Ұлтсыздыққа кім шын мінез көрсетпесе қырғидай, ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай!
Мұхтар Шаханов оралмандардың алдын орағандарға арнап өлең де жазыпты. Онда халық ақыны қандастарымызға 5 жылға дейін азаматтық бермеуді ұйғарған депутаттарды «Ырбикүл» мен «Жырбибайларға» теңеген. Көші-қон заңындағы бұл өзгерістерді жақында Мәжіліс пен Сенат депуттаттары бірауыздан қолдап, дауыс берген болатын. Құжатта әлеуметтік көмек дейтін атымен жоқ. Оралмандар келімсектерге теңестіріліп, ел ішінде 5 жыл бойы куәліксіз жүруді жазған. Зиялы қауым өкілдері бұл оралмандарға оралмаңдар дегенмен бірдей деп отыр. Қазірдің өзінде мыңдаған қандасымыз шекара асқанымен, азаматтық ала алмай сенделіп жүр.
Кеулімжай Құтты, оралман:
— Осы келтірмеудің амалы ма деп қалдым. Үлкен өте кедергі қойған. Айтылмайды, ашық айтылмайды, ананы алып кел, мынаны алып кел, сонымен осылай жүрміз.