Сириядағы қазақ жиһадшылары жайлы түсірілген бейнероликке қатысты тексеру жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы қазақ жиһадшылары жайлы түсірілген бейнероликке қатысты тексеру жүріп жатыр

Сириядағы қазақ жиһадшылары жайлы түсірілген бейнероликке қатысты тексеру жүріп жатыр

Сириядағы қазақ жиһадшылары жайында түсірілген бейнежазбаға қатысты еліміздің бірнеше органы шұғыл тексеріс жүргізуде. Дін істері Агенттігі, Сыртқы Істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғаламторды дүр сілкіндерген видеоны жіті сараптап жатыр.

  • 23 Қазан 2013
  • 644
Фото - Caravan.kz


Отанынан безіп, шиеттей бала-шағасымен Сириядағы соғысқа келгендердің  50-і Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындары деген ақпарат бар. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті тура жолдан тайғандардың еліміздегі  қандай мешітте уағыз тыңдап құлшылық қылғанын, кімдердің арбап, ақша бөлгенін анықтауға кірісіп кетті. Бұл іске Дін істері Агенттігі де тартылды. Ал Сыртқы Істер министрлігі Конституция бойынша, азаматтардың еркін жүріп тұруына тиым сала алмаймыз дейді. Сондықтан Сирияға соғысқа аттанғандардың қолында Қазақстан төлқұжаты бар-жоқтығын біле алмай отыр. Өйткені олардың аты-жөндері видеода арабша көрсетілген. Бірақ Сырты істер министрлігі бала шағасын ерткен 150 қазақтың Сирияға Түркия арқылы жетуі мүмкін деп есептейді. Себебі Анкарамен арада визасыз тәртіп орнаған.