Мәжіліс бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

  • 23 Қазан 2013
  • 339
Фото - Caravan.kz

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады және жаңа бюджет саясаты мен нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген. Бұл ретте жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бюджеттік жоспарлау, бюджеттік инвестициялар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі қарастырылады.

Атап айтқанда, тұрақты сипаттағы трансферттердің жергілікті бюджет шығыстарының базасына берілуіне байланысты, жекелеген шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төменгі көлемдерін енгізу ұсынылады. Бұл әкімдердің қаражаттарды басқа мақсаттарға пайдалануына және жекелеген әлеуметтік маңызы бар салалардың жергілікті бюджеттен толық қаржыландырылмауына жол бермейтін болады. Осы ретте жергілікті бюджеттен белгіленген ең төменгі көлемдерден аз қаражат бөлінген жағдайда әкімдердің тәртіптік жауапкершілігі, сонымен қатар толық қаржыландырылмаған соманы жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтаруы белгіленеді.


Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.