Алдағы үш жылда білім мен ғылым саласының шығыстары 1 трлн. 267 млрд. теңгені құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш жылда білім мен ғылым саласының шығыстары 1 трлн. 267 млрд. теңгені құрайды

Алдағы үш жылда білім мен ғылым саласының шығыстары 1 трлн. 267 млрд. теңгені құрайды

2014-2016 жылдары білім беру саласы мен ғылымға арналған шығыстар 1 трлн. 267 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

  • 23 Қазан 2013
  • 457
Фото - Caravan.kz


Министрдің айтуынша, 2014 жылы білім мен ғылым саласының шығыстары 399 млрд. 600 млн. теңгені құрап отыр.

«Денсаулық сақтау саласының шығыстары 2014-2016 жылдары 2 трлн. 35 млрд. теңгені құрайды. Бұның ішінде 2014 жылы 640 млрд. 814 млн. теңгені құрамақшы. Ал мәдениет және ақпарат саласындағы үш жылдық кезеңнің бюджет шығыстары 191 млрд. 500 млн. теңгені құрағалы отыр», — дейді Е. Досаев.