Қызылорда қаласында шағын зауыт ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда қаласында шағын зауыт ашылды

Қызылорда қаласында шағын зауыт ашылды

Қызылорда қаласындағы Ақсуат ауылдық округінде шағын зауыт ашылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қазан 2013
  • 600
Фото - Caravan.kz

Қызылорда қаласында бизнесті қолдау, оның ішінде ауыл кәсіпкерлерінің әлеуетін көтеру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда.

Бизнес өкілдеріне қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында ҚР Президентінің тапсырмасымен қабылданған «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 4 млрд. 374 млн. теңге құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 889 жұмыс орындары ашылды.

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2013 жылға республикалық бюджеттен 267,0 млн. теңге бөлініп, жыл аяғына дейін 105 кәсіпкердің жобалары қаржыландырылатын болады.

Осындай шағын кәсіпкерлік нысанының бірі қаладағы Ақсуат ауылдық округінде ашылды. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында оқып, білімін жетілдірген жеке кәсіпкер Нұрсейітов Асхат ауылда өз кәсібін бастап, тас өнімдерін шығаратын шағын зауытын ашты. Зауыт 320 түрлі тас өнімдерін, оның ішінде қабырға өретін кесек, бордюр, брусчаткалар шығаратын болады.


Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысаны ауылдың 5 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.