Алматыда бетперде киген ер адам банктен 37 млн теңге тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бетперде киген ер адам банктен 37 млн теңге тонап кетті

Алматыда бетперде киген ер адам банктен 37 млн теңге тонап кетті

Алматыдағы банктердің бірінің астыңғы қабатында, ақшаны қайта есептейтін касса бөлмесінде 37 млн.-нан астам теңге тоналды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа банктің баспасөз қызметінен хабарлад

  • 24 Қазан 2013
  • 579
Фото - Caravan.kz

Алдын ала ақпарат бойынша, ұрлық түскі үзіліс кезінде болған. Ескерту дабылы Бостандық ауданы ІІБ кезекші бөліміне сағат 14.40-та түскен. Ақша ұрланғанын түскі үзілістен келген кассирлер байқаған. Олар бөлмелердің терезелері ашық қалғанын да көрген. Бейнебақылау камераларына ақшаны бетперде киген ер адам ұрлағаны жазылып қалған. Бөлмеге ол терезе арқылы кірген.


ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде қылмыскерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.