«Көкжайлауға» қатысты кезекті шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көкжайлауға» қатысты кезекті шу шықты

«Көкжайлауға» қатысты кезекті шу шықты

Көкжайлауға қатысты кезекті шу! Тау-шаңғы курорты салынады деген нақты шешім қабылданған соң қоғамдық қозғалыстардың бірі қарсылық танытқандарды тексеріс астына алуды талап етуде. Қара тізімге ілінгендердің алғашқысы Германия азаматшасы – Дагмар Шрайбер! 

  • 24 Қазан 2013
  • 235
Фото - Caravan.kz


10 жылдан бері елімізде тұрып келе жатқан Шрайбердің қарсы топ арасында табылғаны «Азаматтық альянс» қозғалысы төрайымының күмәнін тудырған екен. Сонымен қатар олардың мәліметі бойынша неміс азаматшасы елімізде туристік фирма ашып, демалушыларды дау тудырған Көкжайлауға шақыратын көрінеді. Тіпті Шрайбер ханым әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан Үкіметін сынға алып, тіл тигізіпті. Осының барлығын тізіп жазған Сәулет Толғанбаева қалалық прокуратураға өз атынан шағым түсірген. Бірақ қадағалаушы орган оған әлі жауап қатпапты.