Беларусь қос бірдей маңызды басқосуды қабылдауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь қос бірдей маңызды басқосуды қабылдауға дайын

Беларусь қос бірдей маңызды басқосуды қабылдауға дайын

Беларусь екі бірдей маңызды басқосуды қабылдауға дайын. Қазіргі таңда соңғы әзірліктер пысықталып жатыр. Ертең Минскде Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД-ға мүше мемлекет президенттерінің  саммиті басталады. Онда Кеден Одағының болашағы мен ТМД кеңістігіндегі интеграциялық бастамалар жан-жақты сөз болмақшы.

  • 24 Қазан 2013
  • 281
Фото - Caravan.kz

Мәртебелі меймандарды қабылдауға Беларусь тас-түйін дайындалып жатыр.  Мұнда Еуразиялық экономикалық кеңес пен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтеді.

Маңызды жиын қарсаңында Минсктің әзірлігі күшейген. Ол әуежайдан түскен бойда анық аңғарылады. Мәртебелі меймандардың кортежі жүріп өтетін басты даңғылдар жалтырап жатыр.

Ал басқосуға Қазақстан президенті  арнайы ат басын бұрады. Елбасы Минскге Батыс Қазақстан облысындағы сапары аяқтала салысымен ертең түс ауа Оралдан ұшып келмек. Нұрсұлтан Назарбаев алдымен шағын құрамдағы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Бұл отырыстан Ресей мен Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко шет қалмайды.  Оған Кеден Одағына мүшелікке өтуді қалайтын Қырғызстан, Украина, Тәжікстан және Армения басшылары қатысады. Соңғысы одаққа кіретінін ресми түрде мәлімдесе қалғандары әлі әліптің артын бағып жүр. Бірақ Минскідегі басқосуда бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім қабылдануы мүмкін. Сондай ақ кеңесте интергациялық бастамаларға кедергі келтіріп отырған проблемалар да ашық айтылмақ.

Сонымен қатар ТМД -ға мүше мемлекеттердің президенттері бір үстелдің басына жиналады. Қысқасы, Кеден Одағы мен ТМД төңірегіндегі түйткілді мәселелер ертеңнен бастап Минск төрінде жан-жақты сөз болмақ. Ол туралы ертеңгі хабарымызда толығырақ айтатын боламыз.