Жолымбет шахтасында көміліп қалған кенші 5 күннен бері табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолымбет шахтасында көміліп қалған кенші 5 күннен бері табылмай жатыр

Жолымбет шахтасында көміліп қалған кенші 5 күннен бері табылмай жатыр

Ақмола облысындағы Жолымбет шахтасында көміліп қалған кенші әлі табылмай жатыр. 5 күннің ішінде 100 метрлік тереңдікке дейін жеткен іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

  • 24 Қазан 2013
  • 278
Фото - Caravan.kz


Ал онымен бірге болған тағы бір кенші үйінді астынан дін-аман құтқарылыпты. Ауруханаға түскен жұмысшының жағдайы қазір едәуір жақсарған. Тек екінші кенші әлі табылар емес. Құтқару қызметі іздестіру жұмыстарын тоқтаусыз жүргізіп жатыр. Тіпті арнайы мамандар іргелес облыстардан да шақырылған. Қазір құзырлы органдар «Қазақалтын» тау-кен концерніне қарайтын Жолымбет кенішінде қауіпсіздік ережесінің қаншалықты сақталғанын тексеруге кірісті.