Жалпы, ұшақта 21 бас ірі қара болған, олар Алматы облысындағы шаруашылықтардың біріне жеткізілуі тиіс еді. Австралиялық сиырлар мемлекеттік тапсырыс бойынша сатып алынған екен. Әрқайсысының құны 600 мың теңгеден басталады. Мал дәрігерлері ұшақтың екінші қабатына артылған жануарлардың тегіс қырылып қалғанын Алматыға жеткенде бір-ақ білген. Шетелден жеткізілген сиырларға қатысты қыста Солтүстік Қазақстанда да дау шыққан еді. 700 бас ірі қарадан «шмалленберг» вирусы анықталып, жаппай көзі жойылған-ды. Ал, шенеуніктер бұл жолы қырылған мал үшін алдын ала бір тиын да төлеген жоқпыз деп отыр.
Дұғалы Әбенов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлім басшысы:
— Келісім-шарт бойынша, жеткізуші бізге сатып алған малды лизинг алушының ауылына дейін жеткізіп беруге тиісті. Сондықтан өлген малдың шығынын жеткізуші мойнына алады. Біз тек қана «Архарлы-Майбүйрек» шаруашылығына жеткізілген малды ғана қабалдап аламыз.