ҰҚК Қазақстан азаматтарының Сирияға соғысу үшін аттанғанын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК Қазақстан азаматтарының Сирияға соғысу үшін аттанғанын растады

ҰҚК Қазақстан азаматтарының Сирияға соғысу үшін аттанғанын растады

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматтарының шынымен Сирияға соғысу үшін аттанғанын растады. Қазір қақтығыс аймағында шамамен жүзден астам отандасымыз жүр екен. Комитет қызметкерлері олардың жеке бастарын анықтап, әзірге ауыр қылмыстар жасап үлгермегендерін елге қайтаруға әрекет етіп жатыр.

  • 24 Қазан 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бала-шағасын ертіп Сирияға кеткендер мұны еркінен тыс жасауы мүмкін дейді құзырлы орын өкілдері. Яғни ақша үшін емес, жас жігіттер үгіт-насихат құрбаны болған. Жиһадшылардың туыстары да осындай пікірде. Ғаламтордағы бейнероликті жіті тексерген тергеушілер, жерлестерімізді лаңкестік топтар алдымен үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланбақ деген қорытындыға келіп отыр. Ал одан кейін белдеріне бомба байлап, жакешті ретінде көздерін құртады.

Кендебай Адамбеков, ҰҚК лаңкестікке қарсы орталығының  штаб бастығы:


— Біздердің пайымдауымызша, роликтің ең негізгі мақсаты Араб мемлекетінінің жастарына арналған. Әдейі Сирия мемлекетінде жүрген бізден кеткен отандастарымызды бір үйге жинаған. Осыдан 2-3 ай бұрын түсірген. Басқа жақтан келген азаматтарды көрсетіп, сендер қайда қарап отырсыңдар деген мақсатта өз жастарын қамшылап, террористердің қатарына қосу.