Археологиялық құнды олжа тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Археологиялық құнды олжа тәркіленді

Археологиялық құнды олжа тәркіленді

 Қостанайда Жол полициясы қызметкерлері Рудный қаласы тұрғынының көлігінен мамонт мүйізін тапты.

  • 24 Қазан 2013
  • 312
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшылары мұндай археологиялық құнды олжаға алғашқы рет тап болғандарын айтады.

«Қауіпсіз жол» шарасы барысында полиция қызметкерлері көше бойында жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Жүк салғышындағы орамды заттың не екендігін сұрағанда, жүргізуші мамонттың мүйізі екендігін мойындапты. Ежелгі сүйектің ұзындығы, шамамен, 1 метрге жуық, салмағы 20 келіден астам. 30 жастағы Рудный қаласының тұрғыны оны туыстарының саяжайынан тауып алғанын айтады. Содан бері көлігінде жүр екен. Сатпақ ойы болғанын да жасырмады. Ғаламтор арқылы Якутияда мамонт мүйізін, кемінде, 100 АҚШ долларына өткізуге болатынын біліпті. Жалпы, Тобыл өңірінде мамонт сүйегінің табылуы таңсық емес. Бірақ олардың бүтіндей кездесуі сирек. Сондықтан бұл экспонатты құнды олжаға жатқызуға болады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.