Сингапур Алматыда тау шаңғысы туризмін дамытуды инвестициялауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сингапур Алматыда тау шаңғысы туризмін дамытуды инвестициялауға дайын

Сингапур Алматыда тау шаңғысы туризмін дамытуды инвестициялауға дайын

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Сингапурдың Премьер-Министрінің кеңсе министрі Грейс Фуді қабылдады,

  • 24 Қазан 2013
  • 385
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады қала басшысының баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Сингапур мен Алматы арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге қаржылық секторды нығайту да сөз болды.

 Ахметжан Есімов Алматының Қазақстанның экономикалық локомотиві екендігін атап өтті. Қала республикалық бюжетке 25 пайыз салық пен 20 пайыз ЖІӨ беретінін жеткізді.

«Біздің Президент Сингапурдың даму жолын үлгі ретінде ұсынады. Біз сіздердің елдерңізде болып жатқан жетістіктерді үлкен қызығушылықпен бақылаймыз», — деді А.Есімов.


Өз кезегінде, министр Алматының Сингапурға сенімді серіктес екенін атап өте келе, Алматы өңірінде тау шаңғысы туризмін дамытуды инвестициялауға дайын екендіктерін мәлімдеді.