Біржан Жақыптың (49 келі) жартылай финалдағы қарсыласы — Йосбани Вейтиа Сото (Куба).
Қайрат Ералиев (56 келі) жартылай финалда Джавид Шалабиевпен (Әзербайжан) кездеседі.
Берік Әбдірахманов (60 келі) финалға шығу үшін Лазаро Эстраданы (Куба) ұтуы керек.
Мерей Ақшаловтың (64 келі) келесі қарсыласы 2011 жылғы әлем чемпионы Эвертон Лопес (Бразилия) болмақ.
Данияр Елеусіновтың (69 келі) келесі қарсыласы — Аражик Маритжан (Германия).
Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) финалға шығу үшін Антони Поулерді (Англия) жеңуі тиіс.
Әділбек Ниязымбетовтың (81 келі) жартылай финалдағы қарсыласы — Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан).
Иван Дычко (91 келіден жоғары) енді Эрик Пфейфермен (Әзербайжан) бокстасады.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына барлық салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.