Н.Назарбаев Ресейге Қазақстан мен Беларусьтің ДСҰ-ға кіруі проблемасын бірге шешуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Ресейге Қазақстан мен Беларусьтің ДСҰ-ға кіруі проблемасын бірге шешуді ұсынды

Н.Назарбаев Ресейге Қазақстан мен Беларусьтің ДСҰ-ға кіруі проблемасын бірге шешуді ұсынды

Қазақстанның Ресейдің ДСҰ-ға кіруі үшін қолдаған талаптары енді республиканың өзіне осыны істеуге кедергі болып болып тұр, деді бүгін Минскідегі мемлекет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 25 Қазан 2013
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі — өте елеулі мәселе болып отыр. Біз қазір жарға тіреліп қалғандаймыз. Оның тарихын тәптіштеп жатпайын. Біз Ресеймен фарватерде бірге жүрдік, бізге қолдау көрсетілетініне уәде етілді, ал қазір біз толықтай тоқтап қалдық. Бали конференциясы биылғы жылы желтоқсанда өтеді, Қазақстан онда ұйымға кіре алар еді. Бірақ біз мұны істей алмаймын, өйткені Ресейді қорғау деңгейін қолдадық. Бұл мәселені ұзақ талқылауға болады. Оған қарамастан, бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы проблема. Бұл Беларусьқа да қатысты», — деп атап өтті Н.Назарбаев.

ҚР Президентінің айтуынша, бүгінде бірлескен ресей-қазақстан делегациясының Еуропалық одақпен және американдықтармен келіссөз жүргізуінің бірден бір мүмкіндігі қаралуда, олар Қазақстанды ДСҰ-ға жібермей отыр.


«Сауда ұйымы біз Кеден одағына кіруге дейін қорғаған ұстанымдар бойынша кіруді ұсынады. Онда Кеден одағымен проблема пайда болады. Владимир Владимирович, біз бүгін және бұдан бұрын телефон арқылы сөйлескенде бұл туралы айттық», деп еске салды Мемлекет басшысы.