Әйгілі мультфильмнің бұл жолғы жалғасы өзгерек. Режиссер Коди Кэмерон мен Крис Пиан алдыңғы шепке Флинту есімді кейіпкерді шығарған. Аштықтан құты қашқан аралды құтқарып қалу үшін ол жолдастарымен тізе қосып тағамдарды бірнеше есе үлкейтетін құрылғы ойлап табады. Алайда артық қыламыз деп тыртық қылыпты, көлемі үйдей тағамдар аздан соң аралдағы елді қынадай қыра бастаған.
— Сэм, прикинь, я еду домой на остров чтобы уничтожить машину, которая лепит страшные живодукты, которые научились плавать и грозят завоевать весь мир!
Бас кейіпкер Флинту алғашында еңбегіне емірене қуанады, алайда көлемі көкке бір елі жетпейтін алып тағамдар қарапайым елге қысастық қылғанын көргенде жағасын ұстап пірі Честердің бұйрығымен аралды азат етеуге аттанады.
— Неужели все это сделала моя машина?!
-Какая тут красота!
Қиыннан қиыстырып құрастырылған туынды жоғарғы жетістіктерге жетеді деп күтілуде. Мультфильм ретінде қалың бұқараға жол тартса да бұл шығарма орта жастағы жандарды да еліктіріп әкетеді дейді мамандар.
Нариман Әбиев, “Меломан” компаниясының қызметкері:
— Бұл мультфильм балаларға ғана емес, үлкендерге де арналған. Біз оны қарапайым форматта және 3D форматында көрсетеміз. Келіңіздер, көріңіздер!
Бауырын көтеріп төрткүл дүниені енді тани бастаған балғындарға туынды достық пен жолдастықты насихаттайды. Оған қоса елді еліктіретін сан алуан эффектілерге де қанық. Туындыны бүгіннен бастап көрермен барлық кинотеатрлардан тамашалай алады. Ал ондай мүмкіндік жасап отырған «Дисней» мен «Сони» студияларының өнімін елімізде ресми таратушы «Меломан» компаниясы екенін айта кетейік.