Бүлдіршіндерге қол көтерген балабақша тәрбиешісі қылмыстық жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүлдіршіндерге қол көтерген балабақша тәрбиешісі қылмыстық жауапқа тартылды

Бүлдіршіндерге қол көтерген балабақша тәрбиешісі қылмыстық жауапқа тартылды

Балғындарға қол көтерген тәрбиешінің әрекеті әшкере болды. Алматыдағы жеке балабақшалардың бірінде ұстаз ұзақ уақыт балаларды таяқпен тәрбиелеген.

  • 25 Қазан 2013
  • 328
Фото - Caravan.kz


Тәрбиешілер тіпті бақылау камерасының тұрғанын білсе, именіп жүрген жоқ. Мына кадрде балалардың бірін төсектен жұлып алып сілкілесе, екіншісінің басынан жұдырықпен ұрғаны анық көрініп тұр. Алты минут ішінде ұстаз «Челенджер» бөбекжайдағы жатын бөлмені толық аралап шығып, әр балаға қол көтеріп үлгерген. Шошып қалған жеткіншектерге кейін психологтың көмегі қажет болыпты. Ал жасалған сот сараптамасы олардың үстінде жеңіл дене жарақаттары барын анықтады. Осы оқиғадан соң кінәлі тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, мекеме қызметкерлерінің барлығы жаңартылған.