Әлем чемпионаты: 18 елдің боксшылары жартылай финалда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионаты: 18 елдің боксшылары жартылай финалда

Әлем чемпионаты: 18 елдің боксшылары жартылай финалда

Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 25 қазанда - жартылай финал, 26 қазанда - финал өтеді. Бұл доданың жартылай финалына сегіз қазақ боксшысы шықты. Тағы 17 елдің боксшылары кем дегенде қола жүлде алып отыр.

  • 25 Қазан 2013
  • 412
Фото - Caravan.kz


Жартылай финалға Қазақстанның сегіз боксшысынан бөлек Кубаның — бес, Ресейдің — төрт, Италия мен Әзірбайжанның — үш, Германия, Өзбекстан, Бразилия және Ирландия елдерінен екі боксшыдан жолдама алды. Ал Уэльс, Таиланд, Украина, Моңғолия, Венесуэла, Англия, Аргентина, Алжир, Коста-Рикадан бір-бір боксшы келесі айналымға өтті. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.