Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдесімен қоса алматылықтар 2014-2015 жылғы футбол маусымында Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге жолдама ұтып алды.
ҚФФ дауларды шешу жөніндегі палатасының павлодарлық «Ертістен» 3 ұпайын алып тастау туралы шешімінен кейін алматылық «Қайрат» ел чемпионаты қорытындысы бойынша турнирлік кестедегі үшінші орнын сақтап қалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдесімен қоса алматылықтар 2014-2015 жылғы футбол маусымында Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге жолдама ұтып алды.