Америка боксшысы осы жекпе-жек үшін 290 000 АҚШ долларын алады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокс кешінде өнер көрсететін басқа да қатысушыларға гонорарлар келесідей төленеді: Магомед Абдусаламов (40 мың доллар) — Майк Перес (30 мың доллар), Ола Афолаби (20 мың доллар) — Лукаш Яник (20 мың доллар).
Еске сала кетейік, Головкин және Стивенс арасындағы жекпе-жек 3 қараша күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 7:00-ге жоспарланған. Жекпе-жекті KazSport телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.
Қазақстандық боксшы 30 маусымда өткен өзінің соңғы кездесуінде британдық Мэттью Маклинді есеңгіретіп, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалғанын айта кеткен жөн. Ал Стивенс 4 тамызда өткен жекпе-жектің бірінші кезеңінде-ақ мексикалық Сауль Романды тізе бүктірді.
Головкин кәсіпқой ретінде шаршы алаңда өткізген 27 кездесуінің барлығында жеңіске жетті, соның ішінде 24-інде қарсыласын нокаутқа жіберді. Стивенс 25 кездесуде (18 — нокаутпен) жеңіс тойын тойлап, үш рет жеңілістің ащы дәмін татқан.