Головкинге қарсылас атануға үміткердің есімі аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкинге қарсылас атануға үміткердің есімі аталды

Головкинге қарсылас атануға үміткердің есімі аталды

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласы атануға үміткердің есімі анықталды.

  • 5 Қараша 2013
  • 460
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz сайтынан хабарлады.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы 12 желтоқсан күні Австралияда өтетін WBA уақытша чемпионы британдық Мартин Мюррей мен австралиялық Гэрз Вуд арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болуы мүмкін. Егер осы кездесудің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуға дайын болмаса, оны WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы Хассан Н'дам Н'жикам алмастыруы ықтимал.

HBO телеарнасы таңдалған қарсыластың деңгейіне байланысты жекпе-жекті көрсететінін мәлімдеді.