Сочи олимпиадасына 300-ге жуық жанкүйер аттанғалы отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочи олимпиадасына 300-ге жуық жанкүйер аттанғалы отыр

Сочи олимпиадасына 300-ге жуық жанкүйер аттанғалы отыр

Қазақстан Сочи олимпиадасына қазақстандық спортшыларға жанкүйер болатын 300-ге жуық адам жібермек.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 337
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

«Қазіргі таңда агенттіктен қазақстандық делегацияның құрамы жасақталуда. Оған жалпы 100-ден астам адамды құрайтын спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар және штаб кіреді. Сондай-ақ, біздің құраманы қолдау үшін Сочиге тамақпен, тұрғылықты жермен және спорттық формамен қамтамасыз етілген бірыңғай ұйымдасқан топта шамамен 300 жанкүйер жіберуді ұсынамыз»,-деді ол.

Айта кетейік, 2014 жылы Сочи қаласында өтетін 22-ші қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 7 ақпанда өтеді.