Роналду, Месси мен Рибери «Алтын допқа» үміткерлер үштігіне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду, Месси мен Рибери «Алтын допқа» үміткерлер үштігіне енді

Роналду, Месси мен Рибери «Алтын допқа» үміткерлер үштігіне енді

Жылдың үздік футболшысына берілетін «Алтын допқа» үміткерлердің тізіміне енген үш адамның есімі белгілі болды.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 375
Фото - Caravan.kz


Қазан айының соңында ФИФА осы жүлдеге үміткер 23 футболшының тізімімен таныстырды. Бұл тізімнен сауалнама барысында көбірек дауыс жинаған ойыншылардың үштігі таңдалды.

AFP хабарлағандай, 2013 жылдың үздік футболшысы атағы үшін Мадридтің «Реал» командасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду, «Барселонаның» форварды Лионель Месси мен «Баварияның» хавбегі Франк Рибери бақ таластырады.

«Алтын доптың» иегерінің есімі ұлттық құрамалардың капитандары мен жаттықтырушылары арасындағы дауыс беруден кейінгі қорытынды бойынша 13 қаңтар күні ФИФА-ның баспасөз өкілдеріне арнаған Цюрихтегі салтанатты шара барысында жарияланады. Соңғы төрт жүлдені қатарынан Месси иеленген болатын. Қоса кетейік, үздік жаттықтырушы жүлдесіне дортмундтік «Боруссияның» бапкері Юрген Клопп пен «Баварияның» бұрынғы жаттықтырушысы Юпп Хайнкес пен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсон бақ таластырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера