Қазақстан құрама командасы 3-ші орында - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрама командасы 3-ші орында

Қазақстан құрама командасы 3-ші орында

Қытай елінің Хайнань өңірінде дзюдодан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарысқа 21 мемлекеттен 160 спортшы қатысты.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 427
Фото - Caravan.kz

Әлемдік додаға Қызылорда облысынан 10 спортшы қатысып, оның 8-і жүлдемен оралды. Қазақстан құрамасы 3 алтын иеленсе, осы үш алтынның екеуі қызылордалықтардың еншісінде, біреуін Жамбыл облысының спортшысы иеленді. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрама командасы 3-орында, 1-орын — Қытай, 2-орын — Өзбекстан.

Атап айтсақ, жасөспірімдер арасында 40 келіде өнер көрсеткен Гүлдана Мұрат пен 50 келіде Мағжан Шамшидин (екеуі де спорт интернатынан) жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады.

55 келіде Бауыржан Жауынтаев күміс жүлдегер атанса, 60 келіде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Нұрсұлтан Иса үшінші орынды иеленді.

Ал жастар арасында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте төртінші орынға ие болды. 60 келідегі Ерлан Жақсыбеков (олимпиадалық даярлау орталығы) пен аса ауыр салмақта Еламан Ерғалиев күміс жүлдені еншілесе, 100 келіде Әділхан Қозыбаев пен 63 келіде Ақерке Мырзабек қола жүлдегер атанды.


Б.Жауынтаев пен А.Сайын келесі жылы тамыз айында Қытайдың Нанжин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады, деп хабарлады alasharena.kz.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера