БОКС: Қазақстандық Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атағынан дәмелі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: Қазақстандық Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атағынан дәмелі

БОКС: Қазақстандық Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атағынан дәмелі

Жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (21-1, 14 КО) EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағына таласпақ, деп хабарлайды Vesti. kz.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 337
Фото - Caravan.kz


Жақияновқа қарсы француз Кәрім Герфи (20-2, 5 КО) шығады.

Басылым ақпараты бойынша, француздардың жеңіске тіккен жүлдесі 62 000 еуро, бұл сома Жақияновтың мүддесін көздейтін Hatton Promotions компаниясы төлемек болған 25 696 еуродан әлдеқайда артық. Аталған жекпе-жек Францияда өтеді. Нақты қай күні өткізілетіні таяуда белгілі болмақ.

Еске сала кетейік, Герфи Европа чемпионы титулына қыркүйек айында бельгиялық Стефан Хамойимен болған жекпе-жекте иеленген. Француз 12 кезеңдік кездесуде төрешілердің шешіміне сай жеңіске жеткен болатын.

Жақияновтың соңғы жекпе-жегі шілде айында Минскіде өтті. Қазақ спортшысы жетінші кезеңде украиндық боксшы Юрий Ворониннен басым түскен болатын.