Владимир Хрюнов «Совет спортына» берген сұхбатында жақында UFC президенті Дэйн Уайтпен кездесетінін мәлім етті. Кездесу барысында ММА ең үздік спортшысы Андерсон Силва мен әйгілі боксшы кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жек талқыланады.
Хрюновтың айтуынша, кездесу Қазақстанда өтуі әбден мүмкін. Өйткені, Қазақстан тарапы мұндай айтулы шоуды елімізде өткізуге мүдделі болып отырған көрінеді. Жекпе-жек бокс ережелері бойынша өтеді, дейді ұйымдастырушылар. Бұл екі спортшы кездесу өткізгісі келетінін бірнеше рет жариялаған болатын, деп хабарлады Baq.kz.