Қазақстандық клубтар ҚХЛ және ЖХЛ матчтарын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық клубтар ҚХЛ және ЖХЛ матчтарын бастайды

Қазақстандық клубтар ҚХЛ және ЖХЛ матчтарын бастайды

Ертең, 25 желтоқсан күні Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген «Сарыарқа» (Қарағанды) және «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) хоккей клубтары кезекті матчтарын өткізеді.

  • 24 Желтоқсан 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz


«Сарыарқа» сырт алаңда «Сокол» командасымен кездессе, «Қазцинк-Торпедо» өз алаңында «Челметті» қабылдайды. Айта кеткен жөн, турнирлік кестеде Қарағанды қаласының құрамасы 4-ші орында келеді. Ал Өскеменнің хоккей клубы — 10-шы орында. Астана қаласының «Барыс» командасы болса, 26 желтоқсанда «Адмиралмен» күш сынасып көреді. Бұл матч елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтпек.

Айта кетейік, Еуропада өткен спорт додаларына байланысты ҚХЛ мен ЖХЛ матчтары уақытша тоқтатылған болатын. Италияның Трентино қаласында өткен Бүкіләлемдік қысқы студенттер Универсиадасына Қазақстанның барлық дерлік хоккей клубтарының ойыншылары қатысты. Олардың ішінде «Барыс», «Қазцинк-Торпедо», «Сарыарқа», «Номад» және «Снежный барыс» сынды командалар бар. Универсиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының ойыншысы, «Қазцинк-Торпедоның» шабуылшысы Евгений Рымарев үздік болып танылды. Ол 6 матчта 7 гол соғып, 7 нәтижелі шайба берді. 14 ұпаймен Рымарев турнирдің үздік шабуылшысы атанды. Одан кейінгі орында оның серіктесі, 6 матча 13 ұпай жинаған Александр Шин тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера