30 желтоқсандағы жағдай бойынша, Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова сәйкесінше 67- және 79-орындарда. Юлия Путинцева 109 орында қалды. Сесиль Каратанчева — 141-сатыда, Зарина Дияс 163-орында.
Керімбаева 4 сатыға төмен сырғып, 312-орынды иеленуде. Анна Данилина 545-орынды місе тұтты, деп хабарлайды sports.kz.
Ал көш басында әдеттегідей америкалық Серена Уильямс, Беларусь теннисшісі Виктория Азаренка — екінші, қытайлық На Ли үздік үштікті қорытындылап тұр.
Жұптық рейтингте Воскобоева 34-ші, Шведова — 53-ші, Керімбаева 437-ші, Данилина 447-ші, Әсия Даир 556-шы, Дияс 604-орында. Бұл тізімде итальяндық теннисшілер Сара Эррани мен Роберта Винчи көш бастап тұр.