Демьяненко Қанат Исламды бокстағы бағытын айқындауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демьяненко Қанат Исламды бокстағы бағытын айқындауға шақырды

Демьяненко Қанат Исламды бокстағы бағытын айқындауға шақырды

Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко боксшы Қанат Исламды бокстағы бағытын айқындауға шақырды.

  • 9 Қаңтар 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz


«Қанат Исламның проумеутерлері жекпе-жекті жиі ұйымдастыруда. Өйткені, ол кәсіпқой боксқа кеш келді. Сол себепті атаққа қол жеткізу үшін уақытты ұтымды пайдаланғылары келеді. Ол әуесқой бокста көп уақыт өткізді, дегенмен тәжірибесі мен табандылығы чемпиондық атаққа үміттенуге мүмкіндік береді. Оған сауатты промоутерлік қолдау жетіспейді. Сонымен қатар болашағын айқындап алғаны жөн. Бәрін бірге алып жүру мүмкін емес. Мен оның кәсіпқой бокстағы жекпе-жегін көрген жоқпын», — дейді Виктор Демьяненко.
Яғни, ол Қанаттың кәсіпқой бокста қала бергенін, «Astana Arlans» клубына қайтып келуін жөн көреді.
Еске сала кетейік, 2013 жыл соңында «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының президенті Бақтияр Артаев Қанатқа елге оралып, «Astana Arlans» сапына қосылуды ұсынған, деп жазады kazsporttv.kz.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера