«Милан» футбол клубының жаттықтырушысы қызметтен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Милан» футбол клубының жаттықтырушысы қызметтен кетті

«Милан» футбол клубының жаттықтырушысы қызметтен кетті

 Итальяндық «Милан» спорт клубы басшылығы бас жаттықтырушы Массимилиано Аллегриді жұмыстан босатты.

  • 13 Қаңтар 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sport Mediaset хабарлады.

Құрама Италия біріншілігінің 19-шы кезеңінде «Сассуоло» командасынан 3:4 есебімен жеңілген болатын. Оны сынға алған клуб вице-президенті Барбара Берлускони кадрлық ауыс-түйістер жасайтын кез келгенін мәлімдеді.

М.Аллегридің орнына кім келетіні әзірге белгісіз. Сарапшылардың айтуынша, бұл қызметке лайықты үміткердің бірегейі «Миланның» жастар құрамымен жұмыс істейтін Филиппо Индзаги.