Конфедерация баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, кездесу барысында тараптар осы спорттың түрін Қазақстанда дамыту және елімізде әлемдік ауқымдағы таэквондо бойынша халықаралық турнирлерді өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
«Қазақстан биылғы жылы Халықаралық таэквондо федерациясы (WTF) нұсқасы бойынша Гран-при сериясының әлемдік турнирін өткізуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде еліміздің 2017 жылдың Әлем чемпионатын қабылдауға әзір екендігі айтылды», — делінген хабарламада.
Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті кездесу соңында Қазақстанның қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, елімізде таэквондоның қарқынды дамып отырғандығын атап өтті.