Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды

Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды

Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды.

  • 27 Қаңтар 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Астанада қазақстандық делегациясының шеф-де-миссоны — ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлiм еттi. 

Ел намысын қорғайтын спортшылар қысқы спорттың 10 түрiнен қатыспақ. Соның iшiнде шаңғы жарысы мен биатлонда он-оннан, мәнерлеп сырғанаудан — 2, фристайл могулдан — 5, фристайл акробатикадан — 4, шорт-тректен — 6, конькимен жүгiруден — 6, сноубордтан — 1, тау шаңғысынан — 4, шаңғымен секiруден — 1 және шана жарысынан 1 жолдама бар. Сонымен қатар олармен бiрге 40 адам жаттықтырушы мен сервисмендер барады. 

Спортшылар үш олимпиадалық қалашықта: тау шаңғысы, жағалаудағы олимпиадалық және қосымша тау бөктерiндегi қалашықтарда тұратын болады. 


Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап барады.