Үшінші орын үшін бәсекеде қазақстандықтар өздерінің тұрақты қарсыласы — финдермен шеберлік байқасты. Кездесу Алексей Никишовтың шәкірттері үшін сәтсіз басталып, финдер бірінші таймда 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен екінші таймда қазақстандық бенди шеберлері таразы басын аудара білді. Сөйтіп 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын нүктесін команда капитаны Рауан Исалиев қойды.
Сонымен, қазақстандықтар үшінші рет қатарынан әлем біріншілігінің қола медалін иеленді. Ал финалда ресейліктер шведтерді 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атағын сақтап қалды.