Келісімшарт мерзімі биылғы жылдың соңына дейін шақталған. Бұл футболшы таллиндік «Флора» командасында ойнап жүріп, танымал болды. 2010 жылы шведтердің «Сюрианска» клубына ауысқан. Келесі маусымда кипрлік «Неа Саламина» командасында ойнай бастады. Эстония құрамасының сапында 2008-2012 жылдар аралығында ойнаған Вунк 46 матчта бір гол салған.
Бұған дейін «Тараз» командасына голландиялық аяқдопшылар Десли Уббинк және Сигурни Банджар қосылған болатын.