Атап айтқанда, Алматы облысының, түнде Жамбыл облысының кей жерін тұман басып, көктайғақ болатындығы болжануда. Ал Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман басып, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман болжануда. Сонымен қатар Қостанай облысында жаяу борасын соғады. Шығыс Қазақстанда, түнде Қарағанды облысында секундына 15-20 метрлік жел тұрып, арты боранға айналады.
Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күшті аяз болады.