Сочидегі олимпиада: Қазақстандық шорт-трекшілер 1500 метрлік сыннан өте алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочидегі олимпиада: Қазақстандық шорт-трекшілер 1500 метрлік сыннан өте алмады

Сочидегі олимпиада: Қазақстандық шорт-трекшілер 1500 метрлік сыннан өте алмады

Бүгін қазақстандық құрама үшін олимпиада күні «Айсберг» қысқы спорт сарайындағы шорт-тректен басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

  • 10 Ақпан 2014
  • 583
Фото - Caravan.kz


1500 метрлік жарыста 2 спортшымыз — Батыс Қазақстан облысынан 20 жастағы Айдар Бекжанов пен 18 жасар қостанайлық Денис Никиша бағын сынады. Айдар және Денис төртінші және бесінші алтылықта өз мүмкіндіктерін көрсетті. Бекжанов 2 минут 19.713 секунд көрсеткішімен мәреге 5-ші болып жетсе, Никиша алтыншы келді (2 минут 16.452 секунд).