Оның нәтижесі 84,06 балды құрайды.
Отандық екінші мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев 20-шы орынға тұрақтады (64,18 балл).
Бұл бағдарламада бірінші орынды жапондық Юдзуру Ханю иеленді. Нәтиже — 101,45 балл.
Екінші орында канадалық Патрик Чан (97,52). Үшінші орында испандық Хавьер Фернандес (86,98).
Ресей өкілі Евгений Плющенко арқа жарақатына байланысты сайыстан шығып қалды.