Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.
«6 жолдама ұтып алынды. Бұл — ел тарихында алғаш рет қол жеткізіліп отырған жетістік», — деді Т.Есентаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 2014 жылға дейін Қазақстан паралимпиада ойындарына жеңілдікпен тек бір ғана жолдама алып келген болатын.
Паралимпиада ойындары Сочи қаласында 7-16 наурыз аралығында өтеді. Онда ел намысын Александр Колядин (шаңғы жарысы), Қайрат Қанафин (шаңғы жарысы және биатлон), Жаңыл Балтабаева (шаңғы жарысы), Елена Мазуренко (шаңғы жарысы) мен Денис Петренко (шаңғы жарысы) қорғайтын болады.