Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 64-інші орында тұрса, Каролина Возняцки кезінде көш бастаған ойыншы болатын. Турнирге 10-ыншы ракетка болып қатысқан Каролина мен Ярославаның тартысты ойыны 2 сағат 31 минутқа созылды. Бірінші партияда тайбрейкте 7:6 есебімен даниялық жеңіске жетсе, екіншісінде қазақстандық спортшы 6:3 есебімен есе қайтарды. Алайда шешуші сетте К.Возняцки 6:1 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.
Айта кетейік, бұл ірі додаға осы турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, әйгілі ресейлік теннисші Мария Шарапова да қатысуда.