Әйгілі евроклубтарда ойнаған футболшылар енді «Атыраудың» намысын қорғамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгілі евроклубтарда ойнаған футболшылар енді «Атыраудың» намысын қорғамақ

Әйгілі евроклубтарда ойнаған футболшылар енді «Атыраудың» намысын қорғамақ

Кезінде әйгілі еуропалық клубтарда ойнаған легионерлер енді «Атырау» футбол клубында ойнайды. Бұл туралы клубтың бас бапкері Владимир Белявский облыс әкімі Бақтықожа Ізмухамбетовке жаңа құрамды таныстыру кезінде мәлім етті.

  • 14 Наурыз 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz


15 наурызда ел чемпинатында ойнайтын 25 спортшының 16-сы жаңадан қосылғандар. Олардың ішінде киевтік «Арсеналдан» Майкл Одибре бар. Ол бұған дейін итальяндық «Сиенада» және Нигерияның құрамасында ойнаған. Сондай-ақ кезінде португалдық «Боавишт», ресейлік «Терек» және белорустық «Неман» клубтарының намысын қорғаған Ги Стефан Эссаме, «Цверна звезда» мен ресейлік «Амкарда» ойнаған серб Марко Блажич, немістердің «Мюнхен», ағылшындық «Вес Хэм», итальяндық «Фиорентина» мен «Болония» құрамасында өнер көрсеткен тағы бір легионер Савио Нсереко бар.
«Мен жалпы футболды жақсы көремін, оның ішінде біздің команданың жанкүйерімін. Облыс басшылығы клубқа барынша көмектеседі. Сіздер тек үмітті ақтасаңыздар болғаны. Біз клубтың алдына минималды міндет қойып отырмыз, ол — чемпинаттың үздік алтылығына кіру», — деді өңір басшысы футболшыларға.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера