Бұл туралы jcs Ойындарды Ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко мәлім еткен.
«Біз бұл ойындардың жабылу салтанатын 2 млрд. көрермен тамашалайды деген үміттеміз, әрі бұл рекордтық көрсеткіш болмақ», — дейді ол.
Д.Чернышенконың айтуынша, бұл Паралимпиада кезінде көптеген рекордтық көрсеткіштере қол жеткізілген. Мәселен, ойын кезінде 325 мыңнан астам билет сатылған, ол алдыңғы барлық ойындар кезінде түскен пайдадан 2 есеге асып кеткен.
«Паралимпиада ойындарына 45 ұлттық команда қатысып, 5 спорт түрі бойынша 72 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. 2,4 мыңнан астам БАҚ пен телехабар тарату компаниялары Ойын барысын көпшілікке жеткізіп тұрды, ол әлемнің 76 елінде көрсетілді», — дейді Ұйымдастыру комитетінің басшысы.
Оның айтуынша, Сочиде паралимпиадашылар үшін барлық жағдай жасалды: олар үшін қолайлы спорт нысандары мен оңтайлы тұрмыстық жағдайлар қарастырылды.
Сочиде «Фишт» стадионында Паралимпиадалық ойындардың салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлады Росбалт.
Жарыстар 7-16 наурыз аралығында өтті, оның барысында спорттың бес түрінен 72 наградалар жиынтығы сарапқа салынды. Ойындарға жалпы алғанда барлығы 45 елден спортшылар қатысты: 19 мемлекеттің паралимпиадашылары медальдарға қол жеткізді, 14 елдің өкілдері алтын медальдарға ие болды.
Ресей құрамасы 30 алтын, 28 күміс және 22 қола медальдармен командалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орынға 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медальмен Германия құрамасы шықты.