«Барыс» овертаймда «Салауат Юлаевтан» ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс»  овертаймда «Салауат Юлаевтан» ұтылды

«Барыс» овертаймда «Салауат Юлаевтан» ұтылды

«Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогының ширекфиналында төртінші матчта овертаймда «Салауат Юлаевқа»  2:3 есебімен жол берді.

  • 26 Наурыз 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Барыс» пен «Салауат Юлаев» арасындағы төртінші ойын Уфада өтті, онда қазақстандық және ресейлік жанкүйерлер плей-офф сериясындағы жақсы ойын өрнегін күтті. Матчтағы оқиғалар шабуылдағы хоккейдің жақсы дәстүрлерімен өрістеді.

Бірінші және екінші кезеңдерде үйдегі жаттығуларын ортаға салған екі команда да есеп аша алмады, екі голкипер де ешқандай қате жібермей, қақпаны сенімді күзетті.  

Үшінші кезеңнің жиырма минутында «Барыс» қақпасына уфалық клубтың шабуылшысы Игорь Мирнов алғашқы шайба салды. Қазақстандық хоккейшілер бұдан бұрынғы матчтағыдай, оларды қуалап жүруге мәжбүр болды. 55-минутта «барыстық» форвард Найджел Доус матчтағы есепті теңестірді.

Жекпе-жектің соңына  дейінгі екі минут ішінде уфалықтар тағы да алға шықты. Олардың құрамында Дмитрий Макаров жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Ойын соңында қарсыластарының шайба салғанына қарамастан, «Барыс» ойыншыларының жүні жылғылған жоқ, қайта шабуылды күшейте түсті. Финалдық қоңырау соғылғанға дейін он секундтің ішінде «Барыс» «Салауат Юлаевтың» қақпасын алды. Бұл жолы қазақстандық Дмитрий Уппер тамаша ойын көрсетті.

Ал овертаймның алтыншы минутында «Салауат Юлав» ойыншыларының ұзаққа созылған шабуылының нәтижесінде Виктор Еремеевтің қақпасына тағы бір шайба түсті. Оны уфалық Кирилл Кольцов енгізді.


Төрт ойыннан кейін есеп 3.1 есебімен «Салауат Юлаевтың» пайдасына шешілді. Команданың келесі матчы 27 наурызда Астанада өтеді.

Атап өтерлігі, бүгін Гагарин Кубогының алғашқы жартылай финалшысы белгілі болды. Магнитогорлық «Металлург» ширекфиналдық серияда төрт рет жеңіске жетіп, Новосібірдің «Сібір» хоккей клубын ұтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера